Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Мексикада жаңа ғана сайланған қала мэрі өлтірілді

AstanaTV
21.11.2017ж. 20:00
2501
Мексикада жаңа ғана сайланған қала мэрі өлтірілді

Мексикада жаңа ғана сайланған қала мэрі өлтірілді. "Сантана Крус Баэнаны қарақшылар өзінің үйінде мерт қылды", - деп хабарлайды "Sin Embargo" басылымы. Ол Идальготитлан қаласын басқаруға 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап кірісу керек еді. Алайда қаскөйлер оның үйіне баса көктеп кіріп, күзетін қырып тастап, өзіне де оқ атқан.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаңадан сайланған басшы есірткі саудасына тосқауыл қойғысы келген. Веракрус штаты Мексикадағы ең қауіпті ауданның бірі саналады. Өйткені АҚШ-қа есірткі жеткізіп тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтар бір-бірімен тіл табыса алмай, үнемі атыс-шабыс орнатып келеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ