$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Астана процесі» арқасында оппозициялық топтармен алғаш рет диалог жүргізуге мүмкіндік туды - В.Путин

AstanaTV
21.11.2017ж. 20:00
3024
«Астана процесі» арқасында оппозициялық топтармен алғаш рет диалог жүргізуге мүмкіндік туды - В.Путин

«Астана процесі» арқасында оппозициялық топтармен алғаш рет диалог жүргізуге мүмкіндік туды. Сирия басшысы Башар Асадпен кездескен Ресей президенті Владимир Путин Астананың үлесін осылай бағалады. Оның айтуынша, Астанадағы келіссөздер деэскалация аймақтарын белгілеуге жағдай жасады. Соның нәтижесінде қарулы оппозициямен диалог орнады. Айта кетерлігі, Путин мен Асад Сирия басшысының Сочиге жасаған жұмыс сапары кезінде кедесті.

Владимир Путин, РФ президенті:

Астана процесінің арқасында деэскалация аймақтарын құруға мүмкіндік туды. Сөйтіп алғаш рет оппозициямен шынайы диалог орнатылды. Бүгінгі кездесуден соң, мен Катар эмирімен сөйлесемін. Ертең Америка Құрама Штаттарының президенті Трамппен, кейін аймақтағы өзге де елдердің басшыларымен әңгімелесетін боламын.

Ал қарашаның 22-інде гарант елдер, Түркия мен Иран президенттерімен кездесулер өтеді. Мемлекет басшылары ол кездесуде де Сириядағы ахуалды реттеу амалдарын талқыламақ. Ал Ресейдің Сириядағы әскери операциясына келсек, Владимир Путин оның жақында аяқталатынын ұқтырды.

Владимир Путин, РФ президенті:

Терроризм проблемасы жаһандық сипатқа ие. Терроризмді толық жеңу үшін әлі көп уақыт керек. Ал Сирия аумағындағы лаңкестермен күресте бірлескен жұмысымыз туралы айтар болсақ, бұл әскери операция аяқталып келеді. Енді саяси процестерге кірісетін уақыт келді.