Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстандықтар 1 желтоқсаннан көлік мектептеріне бармай-ақ, қашықтықтан білім ала алады

AstanaTV
22.11.2017ж. 20:00
2519
Қазақстандықтар 1 желтоқсаннан көлік мектептеріне бармай-ақ, қашықтықтан білім ала алады

Қазақстандықтар 1 желтоқсаннан бастап көлік мектептеріне бармай-ақ, қашықтықтан теориялық білім ала алады. Қаласа, көлік мектебінде де оқи алады. Бірақ жаңашылдыққа қарсылар да, оны қолдаушылар да табылып отыр. Олжас Нұржақып тараптарды тыңдап көрді.

Бұл «механикалық көлік жүргізушілерін дайындау» ережесіне енгізілетін өзгеріс. Жаңашылдық таңдау еркіндігіне негізделген. Тұрғындар өздері үйде отырып-ақ немесе көлік мектептерінде теориялық білім ала алады.

Ирина Лукьянина, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы:

Даярлау орталықтарына арнайы электронды оқыту ресурстарын жасау, онлайн дәріс беру сайттарын әзірлеу, порталын ашу сынды міндеттер жүктеледі. Осы арқылы видео сабақтарын, басқа да білім беру әдістерін жүргізу көзделген. Бұл тек теориялық тұрғыда қарастырылған жаңашылдық. 

Ал, көлік мектебінде білімін жетілдіріп жүрген Гүлнар Қасымбекова да қашықтан оқыту ыңғайсыз дейді.

Гүлнар Қасымбекова:

Көп нәрселер анық айтылмайды. Өз ойыңмен ойлану керек. Ал мына жерде білмеген нәрсеңді сұрайсың. Талқылайсың. Сонымен, көп жағдайды білесің.

Жылына жүзге жуық жүргізуші дайындайтын көлік мектебінің директоры да жаңашылдыққа қарсы. Өздігінше үйрену мен мектепте оқудың арасы жер мен көктей деп отыр.

Мая Мамедова, көлік мектебінің директоры:

Қашықтықтан оқыған адам, уақыт үнемдеуі мүмкін, теорияны барынша білуге тырысуы мүмкін, бірақ, сыныптағыдай терең үйрене алмайды. Ал бір сыныпта 10-15 адам болса, олардың әрқайсысының өз ойы, сауалы болады. Сондықтан қанша онлайн оқыған күндеріңіз, бірреттік дәрісханадағы білімді алмастыра алмайды.

Ал сарапшы жаңашылдықты қолдайды.

Диас Уәлиханов, автоблогер:

Бұрындары, жүргізуші куәлігін алу үшін, оқу міндетті болды. Кей адамдар, тіпті жай ғана мына көлік мектебін бітірдім немесе сол жерде оқыдым деп ақшасын төлеп, тіркеліп қоятын. Енді дәстүрлі үрдіс жойылады. Білгісі келген жан ешқайда сабылмай-ақ, үйінде теориясын миына тоқиды. Таңдау да болады. Қашықтықтан оқысаң да, көлік мектебіне барып білім алсаң да, өз еркің.

Олжас Нұржақып, тілші:

Өз бетіңізбен не көлік мектебінде теориялық білім алсаңыз да, түбінде көлік мектебіне келіп тәжірибеден өтесіз. Ол міндетті. Сол арқылы, А, В, А1, В1 санатындағы аралас көлік жүргізу куәлігіне емтихан тапсыруға жолдама ала аласыз.

Олжас НҰРЖАҚЫП, Дәуренбек БАҒДАУЛЕТ