Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Тарихи отанға оралған қандастар құқы арттырылмақ

AstanaTV
22.11.2017ж. 20:00
3308
Тарихи отанға оралған қандастар құқы арттырылмақ

Тарихи отанына көшіп келген қандастардың құқықтарын арттыруға әрі олардың тұрақты жұмысқа тұруына көмек көрсетілмек. Көші-қон саясатына қатысты мәселелер «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауы мен филиалдарында талқыланды.

Бүкіләлемдік Қазақтар қауымдастығы төрағасының орынбасары Зауытбек Тұрысбековтың айтуынша, оралмандарды орналастыруда өрескел қателіктер жіберілген. Мәселен, оларды кезінде көшіріп әкелгенде барлығын бірдей бір облысқа қоныстандырған. Салдарынан, аталған аймақта оралмандардан ғана тұратын атшаптырым ауқымды елді мекендер пайда болған. Олар жергілікті тұрғындармен байланысқа түспегендіктен, ортаға сіңіп кете алмаған. Енді бұл қателікті қайталамас үшін, оларды жергілікті халық саны 70 пайызға жуық аудандарға шоғырландыру керек деген спикердің бұл ұсынысын депутаттар қарауға дайын. 

Ерсұлтан Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Көші-қон мәселесі айналасындағы барлық заңдарға керекті нормативті актілер, құжаттарға қандай өзгерістер енгізу керек, сол мәселемен де қазір айналысып жатырмыз. Сондықтан мынау бүгінгі отырған, мен көріп отырмын, барлық сыртқы істер, ішкі істер, еңбек министрлігінен, басқа да министрліктен келіп отырған азаматтар өздеріңіз, қай жерде қандай кедергілер бар, сол жөнінде ұсыныстарыңызды берсеңіздер,біз қарауға дайынбыз.