Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Тау-кен металлургия саласындағы қазақстандық үлес жыл басынан бері 3 пайызға өсті - Н.Радостовец

AstanaTV
23.11.2017ж. 20:00
3056
Тау-кен металлургия саласындағы қазақстандық үлес жыл басынан бері 3 пайызға өсті - Н.Радостовец

Тау-кен металлургия саласындағы қазақстандық үлес жыл басынан бері 3 пайызға өсті. Бұндай мәліметті "Қазақстандық өнім жасаймыз" атты жетінші форумда тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец келтірді. Дәстүрлі форум 70-тен аса отандық жеткізуші компаниялардың басын біріктірді. Қазақстандық үлес артып жатыр десе де, консалтинг компаниясының директоры Әділбек Бектібаев кейбір компаниялар отандық тауарларды сатып алуда өз міндетін орындап отырған жоқ дейді. Ол «KAZ Minerals» компаниясын мысалға алды.

Әділбек Бектібаев, «Қазақстан келісімшарт агенттігі» консалтинг компаниясының бас директоры:

Менің қолымда Инвестициялар және даму министрлігінің ресми жауабы бар. Онда  «KAZ Minerals» компаниясы «Бозшакөл» және «Ақтоғай» жобаларында тауарлар бойынша қазақстандық үлесті қамтамасыз етуде өз міндеттерін орындамайтыны анық көрсетілген. Мәселен, «Бозшакөл» бойынша міндеттеме 18 пайыз болса, олар 3 пайыздайын ғана орындады. Ал «Ақтоғай» жобасы бойынша қазақстандық үлес 1 пайыз да болмайды. Бұл біздің тауар өндірушілерге әсер етеді.

Крис Броуди, «KAZ MINERALS» тобының жабдықтау бойынша директоры:

Біздің «Бозшакөл» және «Ақтоғай» жобаларында Батыс Еуропадан шығырылған құрылғылар қолданылады. Сондықтан батыстың құрылғысын қолдана отырып, қазақстандық үлесті арттыру үлкен қиындық туғызады. Дегенмен, импортты жергілікті тауарлармен алмастыру үшін біраз шаруа атқардық.

Шағын және орта кәсіпорындардың бас ауруы - тауарын өткізу. Өйткені Қазақстанның ішкі тұтыну нарығы үлкен емес. Сондықтан Тау-кен металлургия кәсіпорындары  қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец ортақолды кәсіпорындар тауарын экспортқа лайықтау керек дейді. Ал "ҚазақАлтын" кәсіпорны керісінше, өнімін экспортқа шығармайды. Копания соңғы 10 айда 3 тоннадай алтын өндірген.

Баләмір Маханов, «Қазақалтын» АҚ бас директоры:

Елбасының арнайы қаулысына сай алтынды шекарадан асырып экспорттауға тайым салынған. Сондықтан барлық өнім Балқаштағы афинаж зауыты мен Астанадағы «Тау-Кен Самұрық» зауытына жеткізіледі. 2017 жылдың 10 айында "ҚазақАлтын" құны 120 млн доллар болатын 3 тонна алтын өндірді.