Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Маңғыстау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында дәрігерлер тапшы

AstanaTV
23.11.2017ж. 20:00
2688
Маңғыстау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында дәрігерлер тапшы

Қазақстанда дәрігерлер тапшы. Кадр жетіспеушілігі әсіресе, Маңғыстау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында өзекті. Мәселені "Нұр Отан" партиясы айрықша бақылауына алған. Партия жанындағы Денсаулық бағыты бойынша арнайы комиссия отырысында осы тақырып талқыланды. Оның жұмысына "Нұр Отан" партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов қатысты.

Сарапшылар сөзінше, медициналық жоғарғы оқу орындарын жыл сайын 4 мыңдай түлек бітіреді. Бірақ осыған қарамастан, мәселе шешілмей келеді. Маман даярлау мен дәрігерлердің білімін жетілдіру - денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Осы ретте медициналық жоғарғы оқу орындарында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Студенттердің білім сапасы артқан.

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Білім және ғылым министрлігі бойынша тағы қосымша 600 адам грантқа қабылданды. Олар ҰБТ үздік тапсырғандар. Қуанатынымыз, медицинаға талантты жастар келді, бұл өте маңызды.

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Ғылыми зерттеулер бойынша қаржының жеткілікті бөлінбеуі өзекті мәселе болып тұр. Орта буынды медицина мамандарының жеіспеушілігі де басты назарда. Бізге жергілікті дәрігерлерден көптеген өтініштер түседі. Олар дәрігер мамандығына қызығушылықтың жыл сайын төмендеп бара жатқанына бірнеше фактордың әсер ететінін айтады.