Негізгі / Жаңалықтар / Кәсіподақ пен "Арселор Миттал Теміртау" жаңа әріптестік келісімге қол қойды

Кәсіподақ пен "Арселор Миттал Теміртау" жаңа әріптестік келісімге қол қойды

Металлургтер мен кеншілер үшін жәрдемақы мен жеңілдіктер сақталады. Кәсіподақ пен "Арселор Миттал Теміртау" жаңа әріптестік келісімге қол қойды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов мәлімдеді.

Осыған дейін бірнеше уақытқа созылған дау-дамайда облыстағы жұмысшылар жалақының 30 пайызға жоғарлағанын талап еткен еді. Жұмыс берушілер әріптестік келісімшарттағы кейбір тармақтарды алып тастамақшы болған. Мысалы, зейнетке шығу үшін біржолғы жәрдемақы, сонымен бірге, кен орындарында зардап шеккендердің отбасына жәрдемақыны төлемеу мәселесі белең алып кеткен болатын. Облыс басшысы екіжақты келіссөздер екі айға созылғанын айтып отыр. Жаңа әріптестік келісімшартқа кәсіподақтың үш департамент басшысы қол қойған. Құжат 1 қаңтардан бастап күшіне енетін болады.

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

Кеше облыстық әкімдікте жаңа әріптестік келісімшартқа қол қойылғаны туралы жария еткім келеді. Металлургтер мен кеншілер үшін жәрдемақы мен жеңілдіктер жойылмайды. Барлығы дерлік сақталады. Кәсіподақтың айтуынша, бұл жолғы келісімшарттың тармақтары жұмысшылар үшін әлдеқайда тиімдірек.