$474.72 €515.17 ₽5.58
×

18 тoilet туралы...

AstanaTV
25.11.2017ж. 20:00
2342
18 тoilet туралы...

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазығұрт ауданына барғанда көп пәтерлі үйдің ауласындағы әжетханаларды көріп, ...шошып кетіпті. Тұра қалып, санаған – 18 тойлет екен. Әкім ашуланып, «бұл не деген сұмдық? Бұл не деген масқара? Мәдениетке тәрбиелеу осындай ұсақ-түйектен басталады. Бір амалын жасау керек», - депті.Сөйтіп «18»-ді сырып тастап, орнын бетондап, «модульды бір туалет» орнатуды бұйырған. Босаған жерге балалардың ойын алаңын салуға кеңес берген. Ал Қарағанды облысына барған Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жетекшісінің орынбасары А.Шпекбаев «кейбір басшылардың туалет, жуынатын жері және ғимаратқа жұртқа көрінбей кіріп-шығатын есігі бар демалыс бөлмелерін» көріп, шошыған. Ондай бөлмелердің кейбір орынбасарларда да болғаны тіпті ашуландырған. Шпекбаев үлкен қабылдау бөлмелерінің облыстық деңгейдегі бастықтарда ғана болуы керектігін айтыпты. Нақты тиіскені Теміртау қаласы және Осакаров ауданының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармалары.

Мынадай мәлімет бар: әлемде 2,5 миллиард адам үшін табиғи қажеттілігін қанағаттандыратын жер кәдімгідей проблема. Туалетті әңгіме қылған ешқандай да «қызық» емес. Бірақ... әрине, миллиардтаған адамның қарапайым дәретханаға қолы жетпейтінін білгенде, әкім шошыса да, бізде туалеттердің барына... Алайда антисанитария мен қалаларда қоғамдық туалеттердің аздығы, екінші жағынан, көшеде тұрып сөйте беретіндерге – мысалы, соңғы уақытта полицейлердің суреттері шықты ғой, қарасаң, туалет темасының өмірімізде тура да, ауыспалы да мағынасында «маңызды» екенін ұғасың. Канализация жүйесі істен шыққан шағын қалаларға модульды туалет керек, ал бастықтардың «санитарлық гигиеналық» бөлмелері шамадан тыс үлкен... Ауылдардағыны айтпай-ақ қойдым... Ал негізі, ауыл адамдарының жуынатын жері де жоқ. Ол туралы мүлдем үндемейміз... Мәжіліс депутаты Владислав Косаревтың мәліметінше, елімізде 6,7 млн адам, тұрғындардың 41 пайызы ғана ванна-душпен қамтамасыз етілген...