Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Қазіргі заман қаһармандары» республикалық акциясы өтті

AstanaTV
24.11.2017ж. 20:00
7893
«Қазіргі заман қаһармандары» республикалық акциясы өтті

Тәуелсіздік жылдары ішінде қызметтік міндетін өтеу кезінде елімізде 772 полицей қаза болып, 2 мыңы жарақат алған. Атырау облысында жыл сайын «Қазіргі заман қаһарманы» республикалық акциясында облыс сақшылары қаза болған әріптестеріне тағзым етіп келеді. Бұл 4 жыл бұрын Ғазиз Байтасовтың көзсіз ерлігінен кейін қолға алынған акция еді. Дәстүр бойынша оған қатысқандар ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды. Толығырақ тілші материалында.

«Қазіргі заман қаһармандары» тәуелсіздік жылдарында қиын жолдардан өтіп, елдегі тиісті құқықтық тәртіпті сақтай отырып қалыптасқан Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай өткізіліп отыр. Осы жылдар аралығында 1186 полицей мен әскерлер мемлекеттік наградамен марапатталды. Оның ішінде қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған 127 сақшы бар. ІІМ қатарында «Халық қаһарманы» атағының 2 иегері, 200-ге жуығы «Айбын» орденімен марапатталған. 369  полицей «Ерлігі үшін» медалін иеленген.

Аян Дүйсембаев, Атырау облысының  ІІД басшысы:

«Қазіргі заман қаһарманы» деген республикалық акцияның негізгі мақсаты - полиция қызметкерлерінің бізде әр уақытта полиция қызметкерлерінің өмірден өткеннен кейін, қаза тапқаннан кейін марапаттап жатамыз. Сондай жағдай болмас үшін, біз мына полиция қызметкерлерін қазіргі жағдайда олардың жұмысын, олардың мына халыққа қызмет етіп жатқан жағдайын бағалап, осы акция өтіп жатыр.

Қоғам қауіпсіздігі үшін жандарын пида еткендерді еске алып, гүл шоқтары қойылды. Одан соң драма театрда Атырау облысы ІІД-не қызметтік автокөліктер табысталды. Сақшылар  «Рено Дастер» және «Ниссан»  маркалы 37 автокөлікпен Атырау көшелеріндегі тәртіпті қамтамасыз етпек. Бұған дейін жыл басында облыс ішкі істер органдарына 100 автокөлік берілген болатын, оның 40-ы аудандық ішкі істер бөлімдеріне жіберілді.

Өмірзақ Болсамбеков,  ҚР ІІМ Ардагерлер кеңесінің басшысы:

Қазақстан ішкі органдарының, Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің атынан мың да бір рахметімді айтып. Елімізде тиыштық жақсылық болсын. Мынау біздің қызметкерлеріміздің мінген аты жақсылыққа, қызметке мінілсін.

Акция барысында ерлік жасаған 15 полицей мен облыс белсенділері, құрметті азаматтары, ардагерлерідің қатысумен дөңгелек үстел өтті. Алматы қалалық ІІД ансамблінің концерттік бағдарламалары ұйымдастырылды. Атыраулықтар төрт күн бойы ішкі істер органдарының батырларына құрмет көрсетпек. 

Диана САПАРҚЫЗЫ