Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Өзге ұлт өкілдерінің жастары елімізде ана тілінің дамуына үлес қосып жүр

AstanaTV
24.11.2017ж. 20:00
2987
Өзге ұлт өкілдерінің жастары елімізде ана тілінің дамуына үлес қосып жүр

Өзге ұлт өкілдерінің жастары елімізде ана тілінің дамуына үлес қосып жүр. Павлодарлық Максим Споткай және Алексей Лодочников есімді азаматтар қазақ тілінің дамуына өзге де жастарды тартып, жобалар ұйымдастырып келеді. Қазір олар "100 жаңа есім" жобасының үміткерлері.

Сейсенбай Жетпісбаев, Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

Олар - біздің белгілі жастарымздың бірі осы Павлодар облысымызда. Өнерлі жігіт. Ән де айтып береді. Домбырамен де айтып береді. Олар бүгінгі күні біздің жастарымызға үлкен үлгі. Біздің ұлы Абай айтқандай, басқа тілді білетін болсаң, әрине, онда сол халықтың мәдениетін де, салтын да, дәстүрін де білесің.

Қазақ халықының тілін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге, өнерін де бойына сіңірген Алексей Лодочников - "100 есім" жобасының үміткері. Ол балалар үйінде тәрбиеленген. Қазақ тілін жастайынан тәрбиешілері үйреткен екен. Содан кейін қазақтың қара домбырасын да қолына алған. Қазір дәстүрлі әншілер қатарында. Музыкалық колледждің 3-ші курс студенті дәстүрлі күй байқауларына белсене қатысып отырады.

Ал 25 жастағы Максим Споткай - Павлодар облысы Ақсу қаласының тумасы. Ол Ресейдің Омск қаласында жоғарғы білім алып жүрсе де, білім ошағында қазақ тілінде газет шығарған. Қазір Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі атанып отыр. Қасындағы достары мен әріптестеріне қазақ тіліне деген махаббатын жеткізіп қана қоймай, оларды да тілді жетік меңгеруге шақырады.

Максим Споткай, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі:

Менің қазақ тіліне осындай құштарлығым, сөзсіз, ішімнен шыққан нәрселердің бірі. Мұғалімдер туралы айтып кетсем, жақсы мұғалімдер болды деп айтуға болады. Ол рас.

«Қазақстанның жаңа бейнесі» жобасы негізінде түсерілген дарынды жастар жайлы фильм ертең сағат  17:40-та «Астана» телеарнасынан көрсетіледі. 

Диана САПАРҚЫЗЫ