$510.08 €539.61 ₽5.15
×

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасына бөлінген қаржы 51 млрд теңгеге жетті

AstanaTV
04.08.2017ж. 20:00
2917
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасына бөлінген қаржы 51 млрд теңгеге жетті

Жамбыл облысында онкологиялық ауруға шалдыққан саны 2 пайызға артты. Алғашқы жарты жылда 765 адамнан осындай диагноз қойылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда артық. Ал 2016 жылы 1600 адам тіркелген екен. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында өткен партиялық тыңдауда айтты. Ана өлімі азайған. Нәрестелердің шетінеуі де 19 пайызға кеміген. Жамбыл облысы ел ішінде бала өлімінен 11-ші орында. Өлім-жітімді азайтып, денсаулықты жақсартудың 2016-2019 жылдарға арналған 5 жылдық Жол картасы жасалған. Ол үшін бюджеттен 51 миллиард теңге бөлініпті. Бұл былтырғыдан 10 миллиардқа артық.

Марат Жұманқұлов, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Бізде көбейіп жатқан аурулар саны - ол қан айналымы, ол қатерлі ісіктер, ол қант диабеті. Оның бір себептері оларды ерте дер кезінде анықтауда, скринингтер жүргізуде. Қан айналымы жүйесіне келетін болсақ,  2015 жылы 4%-ақ болса, биыл бұл көрсеткіш 4,7%-ға өсіп отыр. Яғни анықтау процестері жасалып, жақсаруда. Сол себепті, аурушаңдық бізде өсуде.

Соңғы жартыжылдықта Жамбылда қан айналым жүйесі ауруларымен аурыратындар саны 2%-ға, ал өлімі 3%-ға артқан. Жол оқиғасынан зардап шеккендер де көп. Бірақ дер кезінде көрсетілген көмек арқасында өлім 16 пайызға азайған. Туберкулезге шалдыққандарды емдеу ісі күшейтіліп, 470 науқасты емдеуге 34 миллион теңге жұмсалыпты. Ал ауылдағы емдеу мекемелеріне 20 маман жұмысқа орналасқан. Былтыр 66 ауылға 99 маман тартылған еді.

Мұратхан Шүкеев, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Партиялық тыңдау өтер алдында бізде «Денсаулық сақтау» бағдарламасын орындау туралы комиссиямыздың кураторлары басқарған комиссия аудандарға шығып, осы мәселелерді түбегейлі зерделеп, зерттеп, халыққа денсаулық саласында көрсетіліп жатқан қызметтерді зерделеп келді. Есебін тыңдадық. Облыста Денсаулық саласында атқарылып жатқан жұмыстар көп. Демографиялық жағдайлар жасқы жағына қарай өзгерген. Табиғи өлім азайған.