Нұрсұлтан Назарбаев ұйқы алдында Моцартты тыңдап келген. Енді әлемді мойындатқан 18 жастағы қазақ композиторы, пианист Рахат-Би Әбдісағиннің туындаларын тыңдайды. Тұңғыш Президент күнінде «Рухани жаңғыру» аясында Қазақстанның жаңа 100 есімінің тізіміне енген тұлғалармен кездескен Мемлекет Басшысы осылай деді. Бастапқыда 100 есімді таңдауды көздеген жоба соңында 102 есімге айналды. Өйткені екі адамның жинаған дауысы лидерлермен теңдей дерлік болған. Жаңа есімдер халыққа аса танымал емес, «жұлдыз ауруына» шалдықпаған, білімімен, еңбегімен, жаңашылдығымен қоғамға пайдасын тигізген адамдар. Солардың бірі Рахат-Би Әбдісағин Римнің 600 жылдық тарихы бар музыка академиясына оқуға қабылданған жалғыз қазақстандық.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Я обычно перед сном слушаю Моцарта. Мне нравится, успокаивает и мне кажется, что на него сошел небесный, космический дух. Такая музыка не может просто так родиться, правильно? Как и у тебя. Вот теперь буду тебя слушать.
Қазақстан болашақта бал өндірісін жолға қойып, экономиканың іргелі бір саласына айналдыруы керек. Жас омарташы Президентке осындай ұсыныс айтты. Ол таңертең 1 қасық, кешке 1 қасық бал жеп отырыңыз деп, білгенімен бөлісті.
Анатолий Добровольский, омарташы:
Я тут подсчитал. Баррель нефти стоит 60 долларов, а баррель меда - 700. На рынке пчеловодства не бывает кризиса, может быть Казахстан начнет качать не только нефть, но еще и мед. Құдай қаласа, женюсь и прглашаю на чай с медом.
102 жаңа есімге әдеттегі тамыр-таныстық әсер етпеген секілді. Дауыс беру онлайн түрінде ашық жүрді. Тізімге ілінгендердің ішінде қуат көзін үнемдейтін розетка ойлап тапқан жас өнертапқыш Санжар Мырзағалым бар.
Санжар Мырзағалым, өнертапқыш:
- Сенің розеткаң қалай үнемдейді электр энергиясын? Кәдімгідей теледидарға қосқандай қосамыз ба?
- Иә, иә, соған қосасыз кейін теледидар болсын, лампа болсын, кейін ол статистиканы жинап, 40 пайызға үнемдейді.
- Қазақстанда шығара аламыз?
- Әрине, шығара аламыз!
Таңдалған тізімде еліміздің түкпір түкпірінде тұратын түрлі ұлт өкілі бар.
Президент тың жаңалықтармен топты жарып шыққан жастарға сәттілік тілеп, стартап бизнес бастауларға қолдау білдіретінін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Рухани жаңғыру деген ғылымда да, техникада да,мәдениетте де барлығына да соның барлығы жаңғыру ғой, жаңадан келе жатыр. Ал енді біздің сана сезіміміз соған сай болу керкек деген әңгіме айттық. Я хочу сказать вы и есть лицо Казахстана. За 26 лет независимости вы самый передовой отряд нашей молодежи который поведет Казахстан в большое будущее.
Иә, кеше Тұңғыш Президент күні аталып өтті, күнтізбенің қызыл күні. Дәстүрге сай, салтанатты жиындар өтті, коммуналдық тұрғын үйлерден пәтерлер кілті тапсырылды, әлеуметтік нысандар ашылды. Алматы облысы Шамалған ауылында да той болды - "Атамекен" атты тарихи-мәдени орталықтың лентасы қиылды. Онда Президенттің балалық шағынан бастап бүгінге дейінгі өмір белестерін айшықтайтын экспонаттар қойылған.
Шынымен де, бүгін Шамалған жұртшылығы шаттықа бөленген күн. Ауыл төрінде "Атамекен" атты тарихи-мәдени орталық бой көтеріп, Тұңғыш Президент күнінде ел игілігіне берілді.
Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:
Бұл Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевқа деген халықтың ыстық ықыласы мен құрметінің айқын көрінісі. «Атамекен» кешенінің қуатты Қазақстанды құрудағы Елбасымыздың еңбегінің халқымызға және шетелдік меймандарға танытар, өскелең ұрпаққа өнеге берер маңызды орын болары сөзсіз.
«Мерседес» маркалі көлік мұражай алдында жайдан жай тұрған жоқ. Бұл Ел Президентінің 2001-ші жылы мінген қызметтік транспорты. Енді қара тұлпар орталық жәдігерлерінің біріне айналмақ. Мұнан бөлек, облыс әкімі мереке аясында өңірге еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады. Артынша, ұзақ күткен мұражайдың лентасы салтанатты түрде қиылды.
Жәмила Елгандиева, «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының директоры:
Мұның ерекшелігі, халыққа деген жақындауы. Халық өзі келіп, өз көзімен көріп Елбасының биографиясын толығырақ біліп, өздері осы атмосфераны сезініп Елбасыға жақындай түседі. Бұл музей, жалпы, Елбасының балалық шағынан басталып, қазіргі күнге дейінгі тарихты қамтиды.
Сол тарих бұл ғимаратта төрт залға бөлінген. Алғашқысы Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы, мектептегі кездері мен жаңа-жаңа қызмет жолын бастаған уақыттан сыр шертеді.
Олжас Нұржақып, тілші:
Суреттер сөйлеген бірінші залда тағы бір құнды жәдігер бар. Ол, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 6-шы сыныпты аяқтап, 7-ші сыныпқа көшкенде алған куәлігі. 1954-55-ші оқу жылдарында дәл осы Шамалған ауылдық орта мектебінде берілген куәліктен тек қана бестік бағаларды көруге болады.
Екінші зал «Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы», Мемлекет Басшысының қызмет жылдарына жүйеленсе, үшінші залда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы көрініс тапқан. Ал, төртінші зал Елбасының сыртқы саясаттағы қызметіне арналыпты. Мұражайға келушілер, осылайша, Ел Президентінің қызметтік жылдарына көз сала отырып, Қазақстанның тарихына терең бойлай алады.
Тұрғындар:
- Болашақ ұрпақтарымызға керемет үлгілі. Мақтан етеміз.
- Жалғыз біздер үшін емес, бүкіл Қазақстан елі үшін бұл әрине, мақтаныш.
Жалпы, мереке күні Алматы облысында 35 нысан берілсе, Мемлекет Басшысының кіндік қаны тамған туған ауылында есігін ашқан мына мұражайдың орны ерекше. Бүгіннің өзінде орталық қорында Президенттің 90-ға жуық жеке заттары мен 250-ден астам түрлі кітаптар мен жәдігерлер сөрелерден өз орнын тапқан.
Олжас Нұржақып «Біздің уақыт».