Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Бұл бір «қызық» жылдамдық өлшегіш құралы болды. Тағы да оффшор темасы?

AstanaTV
02.12.2017ж. 20:00
2513
Бұл бір «қызық» жылдамдық өлшегіш құралы болды. Тағы да оффшор темасы?

Оралдағы жылдамдық өлшегіш құрылғы мыңнан астам жүргізушіні әбден әлекке салды. Көлік иелері қала іргесіндегі айналма жолда орналасқан камерада ақау барына сенімді. Өйткені бір айдың ішінде 1200 жүргізушіге жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынған. Олардың ішінде бір емес, жеті айыппұл арқалағандар бар.

Манарбек Нәжиев, БҚО ІІД ӘПБ бөлім бастығы:

Камераны орнатқан компанияның өкілі арнайы келіп, бәрін қарап, тексеріп шықты. Құрылғы автоматты режимде жұмыс істейді. Бәрі штаттық жағдайда. Ал заң бұзушылықтар болса тіркеп отырады.

Әли Құсайынов, көлік жүргізушісі:

Орнатқан компания өзі орнатып, өзі тексеріс жүргізеді екен. Сол мен үшін түсініксіз болып тұрған жайт. Жаңа үйге электр желісін жүргізіп, ол үй бір себептермен өртеніп кетсе, электр желісін тартқан адам келіп тексерсе, өзінің қателігін ашпау үшін әрине, өзінің жазықсыздығын айтып, себебін басқа нәрседен іздейді. Сол сияқты жағдай болып тұр, мына жерде мен үшін. Қалайша өзі тексеріп, өзі орнатқан компания осындай шешім шығарады?

Сөйтіп жауапқа қанағаттанбаған көлік иелері қазір жан-жаққа шағымданып жатыр. Өйткені былтыр жыл бойы 1600 жүргізушінің жылдамдық асырғанын анықтаған құрылғы өткен бір айдың ішінде 1200 заң бұзушылықты тіркеген. Демек, камера бір жылдың көрсеткішін бір айда «орындаған».

Светлана Гаврилина, көлік жүргізушісі:

Күзде жолдың осы аумағын жөндеді. Сол кезде асфальт биіктеп, тіпті камера да қозғалып кетуі мүмкін. Бірақ жол жөнделіп біткесін, құрылғы жұмысын қайта тексеріп, калибровка жүргізбеді. Осыны  сұратқанымызда полиция ләм-мим демеді. Әлі жауап ала алмай жүрміз. Өйткені сол жермен сағатына 60 шақырым жылдамдықпен өтсеңіз, құрылғы он шақырымға көбірек көрсетеді.

Әли Құсайынов, көлік жүргізушісі:

Мен ол жерде камера тұрғанын білем. Күнде өтіп жүрген жерім. Мен неліктен ол жерден бір күні барамын да сағатына 72 шақырым жылдамдықпен өтем? Ол қарапайым нәрсе ғой. Егер қалаға бірінші рет кіріп келе жатсам, мүмкін жасырар едім. 

Бұл дауды аз уақыттан кейін басқа бір сенсация басып, әдеттегідей тынышталып қалуы да мүмкін еді. Бірақ камераны орнатқан "Научно-технический Центр "Новые проекты" компаниясы Астанада тіркелгенімен, құрылтайшылары шетелдегі оффшорлық фирма болып шықты - наразы жүргізушілер бізге осылай деді. Олар электронды үкімет арқылы камераны орнатқан серіктестікті, сосын оның құрылтайшыларын іздейді. Компьютер құрылтайшы Midagi Holding Ltd фирмасының Кипр аралындағы Строволос қаласында орналасқанын көрсетіпті. Иелері де шетелдік азаматтар. Бұл компания елдегі мемлекеттік сатып алуларға қатысып, еліміздің 13 өңіріне жылдамдық өлшегіш құрылғы орнатқан. Жаңғырығы Оралдан асып, Астанаға жеткен бұл мәселеге Мәжіліс депутаты араласты.

Кеңес Абсатиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Так, согласно информации СМИ, все стационарные скоростемеры в Уральске устанавливает и обслуживает некое ТОО «Научно-технический Центр Новые Проекты», владельцем которого является компания «Midagi Holding LTD», зарегистрированная на Кипре – крупнейшей мировой офшорной зоне.

Есть основания предполагать, что ТОО «Научно-технический Центр Новые Проекты» выступает лишь прикрытием участия в госзакупках для офшорной компании, а его клиентами являются департаменты внутренних дел сразу в 13 регионах, что порождает обоснованные вопросы о системном проникновении офшорных схем в деятельность МВД.

Кейін Ішкі істер министрлігі түсінік берді. Министрліктің ресми өкілі Алмас Сәдубаев құрылғының қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрғанын, мұнымен келіспейтін жүргізушілердің шағым түсіре алатынын мәлімдеді.Ал аталған фирманың қожайыны Қазақстан азаматы, -деп қосқан. Мәлімет алуымыз екіталай екенін  білсек те, өздерінен сұрамақшы болдық. Мекеменің Астанадағы мекен-жайына тілшіміз барып көрді. Иә, күткендегідей, есік алдынан қайтты. Журналист кеңсе алдындағы көліктердің «сары нөмірлі» екенін байқаған. Қысқа қайырғанда «шетелдік» дегенді білдіретін.

Кеңес Абсатиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Проверить все сделки по госзакупкам, совершённые департаментами МВД и другими госорганами с указанным ТОО «Научно-технический Центр Новые Проекты» на поставку и обслуживание любого оборудования на предмет соответствия ценам на рынке, и в случае завышения цен - рассмотреть вопрос об отмене таких сделок.