Негізгі / Жаңалықтар / Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогының бірінші кезеңінде қола медаль еншіледі

Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогының бірінші кезеңінде қола медаль еншіледі

Қазақстандық биатлоншылар ерледі. Әлем кубогының бірінші кезеңінде Галина Вишневская мен Максим Браун қола медальді қанжығаға байлады. Алтын австриялық спортшының, ал күміс германиялық биатлоншылардың еншісінде. Бұл туралы Ресейдің "Спорт-Экспресс" басылымы жазды.

Галина Вишневская мен Максим Браун барлық кезеңді ойдағыдай атқарған. Осылайша, олар Қазақстан құрамасын алға шығарды. Ал соңғы айналымда Браун, бәсекелестеріне жол беріп, мәре сызығын үшінші болып кесті. Әлем кубогының бірінші кезеңі 3-ші желтоқсанға дейін жалғасады. Алда тағы бірнеше жарыс бар.