Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған фотокөрме ашылды

AstanaTV
28.11.2017ж. 20:00
3925
Тұңғыш Президент күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған фотокөрме ашылды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қызылжарда ерекше фотокөрме ашылды. Онда Елбасының тоқсаныншы жылдардан бастап аймаққа жасаған әрбір сапарынан сыр шертетін бірегей фотолар қойылған. Ақ-қара түсті суреттерде мемлекет басшысының ірі өндіріс ошақтары мен өзге де маңызды нысандармен танысып жүрген сәті бейнеленген. Ұлт көшбасшысы қай кезде де кәсіпорындарды назардан тыс қалдырмаған. Алпауыт зауыттардағы жұмысшыларға рухани дем беріп отырды.

Көрмеге барлығы 15 сурет қойылған. Қызылжар өңірі астықты өлке болғандықтан, Елбасы ауыл шаруашылығы саласына баса көңіл бөлуге тырысады. Мұны егіс басында түсірілген фотолардан байқауға болады.

Геннадий Зенченко, «Зенченко және К» КС басшысы: 

Президент біздің ауылға бірінші рет 1995 жылы келді. Менің әкем Геннадий Иванович Нұрсұлтан Әбішұлына егіс алқабын аралап қайтуды ұсынды. Жүгері егілген танапқа жақындай бергенде шөптің арасынан бір топ әнші шығып, баянмен ән салды. Табан астынан ұйымдастырылған концерт үшін Елбасының риза болғаны әлі есімде.