Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Минскіге барды

AstanaTV
29.11.2017ж. 20:00
2774
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Минскіге барды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Минскіге ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорда хабар таратуда. Сапар барысында Елбасыны Беларусь президенті Александр Лукашенко қарсы алды. Сондай-ақ екі мемлекет басшыларының жоғары деңгейдегі кездесуі өтті.

Қазақстан Президенті осы сапар аясында Ұжымдық келісімшарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысады деп жоспарланған. Бұл сапар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Делегация құрамында ауыл шаруашылығы, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп салалары бойынша отандық кәсіпорындардың 130-ға жуық басшылары бар. Жыл басынан бері екіжақты тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға артып, 500 млн долларды құрады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь арасындағы байланыстардың тарихи тұрғыдан орныққан, достық сипаты бар екенін атап өтті. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастыққа тоқталды. Александр Лукашенко Қазақстан Президентінің бұл сапары екіжақты әріптестікті одан әрі нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. Кездесу барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. 

Диана САПАРҚЫЗЫ