Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Нұр Отан» партиясы алматылық көп балалы отбасын көмірмен қамтамасыз етті

AstanaTV
27.12.2017ж. 20:00
2944
«Нұр Отан» партиясы алматылық көп балалы отбасын көмірмен қамтамасыз етті

«Нұр Отан» партиясының аймақтардағы өкілдері халыққа әлеуметтік көмек көрсету шараларын жалғыстыруда.  Алматыда қыста тоңып отырған отбасыларға материалдық көмек көрсетілді. Бостандық ауданында тұратын көп балалы ананың үйіне партия қызметкерлері 6 тонна көмір жеткізіп берді. Бұл отын аядай үйді мекендейтін отбасы үшін келесі жылға дейін жетуі тиіс. Мектеп жасындағы балалары бар үй иесі баспананы жылыту үшін көшенің бойынан ағаш, қағаз жинап, отқа жағып келген.

Роза Ахметова, Алматы қаласының тұрғыны:

Біз бұл пәтерді жалдап тұрамыз. Одан бөлек балаларға киім, азық-түлік сатып алу кезінде қиналып кеттім. Сосын аудандық партия өкілдігіне барып, жағдайымды айттым. Сөзімді далаға қалдырған жоқ, қыстық отын-суымызды дайындап берді. Алғыстан басқа айтарым жоқ.

Партия өкілдері аудандарда көмекке мұқтаж жандар үшін кәсіпкерлерді тарту арқылы көмек көрсетуге кіріскен. Осы жолы Ахметовтер отбасындағы жағдаймен танысқан қаладағы ойын-сауық кешенінің өкілдері бүлдіршіндерге арнап жаңа жылдық шаралар ұйымдастырмақшы. Кәсіпкерлер, отбасындағы бес баланы жақын күндері шақырып, мерекелік кеш өткізіп бермекші.

Баймұрат Жамбылов, «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиал төрағасының орынбасары:

Мәслихат депутаты Конкуров Станислав мырзаға қайырылған. Ол кісіге айтып, сосын "Хапиллон" компаниясына да рахмет. Содан, міне, үйі суық болған соң, көмір түсіріп беріп жатырмыз.