Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қазақстанда экологиялық ұйымдар қауымдастығы құрылды

AstanaTV
29.11.2017ж. 20:00
11613
Қазақстанда экологиялық ұйымдар қауымдастығы құрылды

Қазақстанның экологтары бірігетін болды. Елде экологиялық ұйымдар қауымдастығы құрылды. Жаңа эко-альянсты Әлия Назарбаева басқарады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Қауымдастық құрамына 400-ге тарта үкіметтік емес ұйым кіреді деген жоспар бар. Ұйым қоршаған ортаны қорғау бойынша бастамаларға қолдау көрсетіп, халықаралық байланыстарды арттырады. Жасыл технология саласын қамтып, заңнамаларды толықтыруға үлес қоспақ. Қамқоршылық кеңесіне «жасыл экономика» бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг еніп отыр.