Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Маңғыстау облысында "Нұр капитал" жобасы қолға алынды

AstanaTV
29.11.2017ж. 20:00
4286
Маңғыстау облысында "Нұр капитал" жобасы қолға алынды

Маңғыстау облысында Қазақстан бойынша баламасы жоқ "Нұр капитал" жобасы қолға алынды. Ол кәсіпкерлердің 1 пайыз үстемақымен несие алып бизнес бастауына мүмкіндік береді. Біргей жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын жүзеге асыру аясында қолға алынды. Бүгін Ақтауда облыс экономикасының әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа жобаның таныстырылымы өтті. Атап өтейік, бұл шара Тұңғыш Президент күніне орай өткізіліп отыр.

"Нұр капитал" бағдарламасының мақсаты - "Туған жер" жобасы аясында өңірдің экономикалық дамуына атсалысу. Мемлекеттік тұрақтылықтың құралы ретінде шағын-орта бизнесті дамыту маңызды. Президенттің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге қабылеттілік" атты жолдауында бизнес ортаны түбегейлі жақсарту жайы айтылған. 

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

Алдымызда тұрған бірінші міндет - шағын және орта бизнеске серпін беретіндей жағдай жасау. "Нұр Капитал" жобасы 1 пайыз несие алуға мүмкіндік береді. Шикізатқа, яғни мұнайға ғана тәуелді болмай, аймақ ел экономикасының қозғаушы күшіне айналу керек. Осы мақсатта да бұл жоба маңызды.

Бүгінде кәсіпкерлік саласы қарыштап дамып келеді. "Нұр капитал" жобасы өңірдегі кәсібін дөңгелеткен бизнес иелеріне нақты қолдау көрсетуге ниетті.

Данияр Тұрғынов, «Ақтау агро» ЖШС директоры:

Жылына 3200 тонна құс өнімін шығарамыз деген үміттеміз. Жоспардамыз. Келесі жылдың аяғында, бұйырса, құс өнімін көресіздер.

Шолпан Ильмұханбетова, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

Республикамызда дамытудағы ең бастапқы пилоттық проект. Қазіргі таңда ондай проект ешбір республикамыздың өнірлерінде жоқ. 

Жобаның таныстырылымына "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері мен ірі кәсіпорын басшылары, қаржы институттары мамандары қатысты. Бағдарламаның мақсаты - жалпы ішкі өнімдегі кәсіпкерліктің үлесін 2050 жылға қарай 50 пайызға жеткізу

Қуаныш Ұласбеков, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ басқарма директоры:

Бизнестің жол картасына қарасақ, онда көп жобалар олар өндіріс саласында. Мұнай өндеуден басқа, мысалы, біз диверсификациядан өткізгіміз келіп жатыр ғой, сондықтан да 426 жобаның ішінен 300-ден астамы өндіріс саласында. Біз осы қарқынды ары қарай дамытамыз.

Ірі кәсіпорындар игілікті іске атсалысып жатыр. "Өзенмұнайгаз" компаниясы 900 млн, "Даму" қоры 1 млрд 800 млн теңге бөлген. Аймақ фермерлері енді 5,5 - 16 пайыз аралығында үстемақымен несие ала алады. Маңғыстау өңіріндегі кәсіпкерлерді қолдауға бағытталатын қаржы көлемі 2 миллиард 700 миллион теңге. Бұл бастама аймақтағы аудандар мен ауылдарды қамтымақ.