Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық сабақтарына» 300-ден аса адам өтініш берді

AstanaTV
29.11.2017ж. 20:00
4804
«Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық сабақтарына» 300-ден аса адам өтініш берді

Жас мамандар, кәсіпкерлер мен саясатқа қызығушылық танытып жүргендер Елбасы сияқты шешімдер қабылдаудың қыр-сырын үйренді. Назарбаев университетінде «Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық сабақтары» атты шеберлік оқулары ұйымдастырылды. Қатысушылар тәуелсіз Қазақстанның тарихын ой талқылаудан өткізді. Банк секторының сарапшылары, ұлттық компаниялардың өкілдері бұл шараның маңызына тоқталды. «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов жастармен түрлі тақырыпта ой бөлісті. Партияның модернизациялау жолдарын сипаттады. Шеберлік сабақтарын «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері ұйымдастырған.

Данияр Сүндетбаев, "Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы:

Тұңғыш президент күні қарсаңында өте қызықты тақырып. Бірнеше жағдайда өтеді. Түрлі жағдайға қалай шешім қабылдауға болатынын және Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған Қазақстан үшін қаншалықты дұрыс шешім екенін жастар білетін болады. Бірінші оқиға - «Нұрлы жол» бағдарламасы, екінші - ядролық қарусыздану. Үшінші оқиға - «Болашақ» бағдарламасы.