Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Нұротандықтар балаларға қамқорлық жасады

AstanaTV
29.11.2017ж. 20:00
2814
Нұротандықтар балаларға қамқорлық жасады

"Нұр Отан" партиясының өкілдері балаларға қамқорлық жасауды жалғастырып жатыр. Партияның "Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ" акциясы аясында көп балалы отбасыларына көмек көрсетілді.

Бибігүл Өмірбаева инсулинге тәуелді. Бірақ денсаулығына қарамастан өз балаларымен қатар "бақилық болған ағасының" қызын тәрбиелеп отыр. Өзі де жастайынан жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, балалар үйінде өскен. Екінші топ мүгедегі болғандықтан, жұмысқа да қабілетсіз. Алатын зейнетақысы дәрі-дәрмектен артылмайды деп, «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалынан көмек сұраған. Бүгін қалалық Мәслихат депутаты Әлібек Семғалиев қамкөңіл жанның өтінішін орындап, балаларына қыстық киімдерді сыйға тартты. 

Әлібек Семғалиев, Атырау қалалық мәслихатының депутаты:

«Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында бүгін бірқатар аз қамтылған отбасыларын аралап, жағдайларымен таныстық. Атаулы әлеуметтік көмек көрсеттік. Олардың барлығы да біздің қоғамдық қабылдауларымызда болып жүрген азаматтар. Әрдайым назарымызда.

Диана САПАРҚЫЗЫ