Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің қорытынды жиыны өтті

AstanaTV
05.12.2017ж. 20:00
4201
Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің қорытынды жиыны өтті

Бүгінгі күні Астанада 49 діни бірлестік және 14 конфессия бар. Олардың барылығы дініне, ұлтына қарамай тату-тәтті өмір сүріп келеді. Жаһанда дінаралық қақтығыстар болып жатқанда, Қазақстан бейбітшілікті қолдайтын ел ретінде осы қырымен де көпке үлгі бола алады. Бүгін Астана қаласының дін істері жөніндегі басқармасы кезекті діни бірлестіктер кеңесін өткізді. Оған имамдар, медресе шәкірттері, өзге діни бірлестік өкілдері қатысып, конфессияаралық қатынасты реттеу, қоғамда рухани келісімді нығайту бойынша пікірлерін ортаға салды.

Ермек Аманшаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Жыл аяғында осылай бас қосып, бір-бірімізге осы атқарылған шаруа жөнінде есеп беріп, жаңа тұжырымда шығып жатыр, оны да сіздердің алдарыңызға салып, талқылайық деген ой болған. 

Данияр Есин, Астана қаласы діни басқармасының басшысы:

Біздің кеңес бүгінде диалог алаңына айналды. Сондықтан бүгін біз оның рөлін айқындап, ұсыныс негізінде дер кезіндегі шешімдерді қабылдаймыз деп сенемін. Бұл астанамызда дінаралық байланысты одан әрмен арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ жас буын да дұрыс діни сенім қалыптасуына да өз еңбегімізді сіңіру керек.

Бүгінгі отырыс барысында діни бірлестіктің келер жылғы жұмыс жоспары бекітіліп, кеңестің жаңа құрамы сайланды. Оларға келер жылы да жауапты жұмысты жүргізу сенімі артылып отыр.