«AMANAT» партиясы «Daryn Ustaz» орталығымен бірлесіп, «Ustazga AI»: жасанды интеллект педагог көмекшісі ретінде» жобасын бастады. Бұл бастама мұғалімдерге арналған тегін онлайн курс ұйымдастыру, білім беру саласында жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану жолдарын көрсету, сондай-ақ педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру мәселелерін көздейді. Қоғамның цифрлық дағдыларын қалыптастыруда «AMANAT» партиясы биылдан бастап «Цифрлы қоғам» жобасын іске қосқан. Ол бірнеше бағытты қамтиды. Ең ауқымдысы – педагогтарды қолдау.
ШОЛПАН КАРИНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Бұл курс толығымен мұғалімдер үшін тегін. Тегін түрде курсты өтіп, тегін түрде берілген әдістемелік қолдау материалдарды толығымен қолдана алады. Біздің мақсат тек қана мұғалімге осы жасанды интеллектті неғұрлым жылдам жұмыс тәжірибесіне енгізу. Өйткені балалар оқушылар бүгінгі күні жасанды интелектіні қолданып жүрген кезде мұғалімнің білімі баладан көбірек, баладан әлдеқайда есе жоғары тұру керек.