2018
жылы елімізде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәсілі өзгереді. Жаңа жылдан
бастап зейнетақы 8 пайызға, ал жәрдемақы 6 пайызға өседі. Бір атап өтерлігі, әйелдердің зейнетке шығу
жасы жарты жылға ұзарады. Ал базалық зейнетақыны есептеуде адамның еңбек өтілі
басшылыққа алынады. Ол 1998 жылдан бері есептеледі. Егер еңбек өтілі 10 жылдан
аз болса, оған ең төменгі күнкөріс көлемінің 54 пайызы ретінде зейнетақы тағайындалады.
Яғни 15 мың тг. шамасында. Егер 10 жылдан артық болса, базалық зейнетақыға әр
жылына ең төменгі күнкөріс көлемінің 2
пайызы қосылады. Арнайы әлеуметік көмекті ай сайынғы табысы "адам басына шаққанда" 15 мың теңгеден аз
отбасылар ғана алады.
Арман
Мақанов, Астана
қалалық әлеуметтік төлем төлеу орталығы департаменті директоры:
Бұрынғы арнайы әлеуметтік
көмек: 18 жасқа дейінгі балалараға жәрдемақы, арнайы мемлекттік жәрдемақы, төрт
баладан артық отбасыларға берілетін төлем - осы үш түрлі жәрдемақы бір форматқа
біріктіріледі. Егер
отбасының ай сайынғы табысы ең төменгі күнкөріс көлемінің 50 пайызынан асса,
онда бұл жәрдемақылар төленбейді. Ол жергілікті басқармадан төленеді.
Республикалық бюджетен емес.