Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодардағы трамвай паркі толықтай жаңарады

AstanaTV
11.12.2017ж. 20:00
2015
Павлодардағы трамвай паркі толықтай жаңарады

Керекуге су жаңа екі трамвай жеткізілді. Алдағы уақытта тағы 21 вагон келеді деп жоспарланған. Белоруссияда шығарылған машиналар қақаған аяз бен қапырық ыстықта жолаушы тасуға бейімделген. Трамвай паркін жаңарту қала тұрғындары үшін маңызды. Жаңа вагондар алдағы бірер күнде бағытқа шығып, сынақтан өтпек.

Еуропа қайта құру және даму банкі трамвай басқармасына 1 млрд 987 млн теңге несие берді. Сондай-ақ, Үкімет банкпен өзара серіктестікті нығайту келісімі аясында 742 млн теңге грант бөлді. 2 жарым млрд-тан астам қаржы трамвай паркін толықтай жаңартуға жұмсалмақ.

Айтуар Жанғазин, «Павлодар трамвай басқармасы» АҚ басқарма төрағасы:

Бұл трамвай - электр энергиясын үнемдеп жүретін трамвай. 40 пайыз. Тарту жүйесінде заман талабына сай орнатылған жүйе құрылып отыр.