Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Нұр Отан» партиясы хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентте партия активімен кездесті

AstanaTV
13.12.2017ж. 20:00
2818
«Нұр Отан» партиясы хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентте партия активімен кездесті

Оқушылар қараңғы түскенше сабақ оқымауы тиіс! Оңтүстік Қазақстандағы үш ауысымды мектептерге қатысты «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов осылай  деді. Шымкентте партия активімен өткен кездесуде мәселені бір ай көлемінде шешуді тапсырды. Білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және құрылыс саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жайына қанықты. Партия Хатшысының сөзінше, халықтың көңілі толмайтын мәселелер бар, яғни арыз-шағымдардың басым бөлігі әлеуметтік салаларға қатысты. Соның бірі - емханалардағы медициналық қызметтің жүйесіздігі. 

Ғабидолла Әбдірахымов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Кезек үлкен, врачтарға кіру қиын, бюрократия көп. Сондықтан біз 1 ай уақыт бердік денсаулық басқармасына осы қызмет көрсету, қызмет беру жүйесін жетілдіріп, халыққа ыңғайлы қылсын деп. Партия үшін ең басты мақсат ол - халықтың сенімі. 

Жиын барысында «Тәуелсіздік» күні мерекесіне орай бірқатар азаматтарға «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі және партияның «Құрмет грамотасы» тапсырылды. Әбдірахымов мырза облыстағы жастар ұйымдары көшбасшылары мен «Жас Отан» белсенділерімен де кездесті. Білім беру, жастардың жұмысқа орналасуы мәселері қаралып. жаңа бағыттар сөз болды.