Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қырғызстаннан келген көкөністер карантиндік кеселге шалдыққан

AstanaTV
14.12.2017ж. 20:00
3213
Қырғызстаннан келген көкөністер карантиндік кеселге шалдыққан

Ал осы кезде Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының өкілдері Қырғызстаннан келіп жатқан көкөністер карантиндік кеселге шалдыққан деп дабыл қақты. Мамандар тиісті санитарлық талаптарды сақтау бойынша қиындықтардың көп екенін айтады. Яғни қырғыз елі өнімдерін бізге экспорттауда Еуразиялық одақтың фитосанитарлық талаптарын бұзып отыр деп есептейді.

Яблоки в количестве 5 тонн. При карантинном досмотре отсутствует маркировка. Поэтому данный груз возвращается стране экспортеру - Кыргызской Республике.

Екі ел арасындағы сауда-саттық саясатын жақсартуға бағытталған «Жол картасына» қарамастан, кеденде көліктер кері қайтарылып жатыр. Соңғы екі аптада 50-ге жуық жүк көлігі шекарадан шығарылды. Себебі айыр қалпақты ағайынның жеміс-жидектері жеуге жарамсыз. Көптеген тауардан карантиндік зиянкестер анықталған. Мәселен, картоптан "алтын түсті жұмыр құрт" карантиндік ауруы кездескен. 54 тонна өнімнің 42 тоннасы кері қайтарылды. 11 тоннадайы базарлардан алынып жойылған. Бұдан өзге 850 тонна жүзім, 800 тоннадан астам құрма да қайтарылды. Жыл басынан бері 85 мың тонна тауар тиелген 6 400-дей транзиттік көлік тексеріліпті. 365-інде  бұзушылық анықталған. Пысықайларға 2 млн теңге айыппұл салынды. Инспекторлардың айтуынша, транзиттік көліктер Қарасу және Қордай кеден бекеттері арқылы кірген.

Сәбит Жүсіпов, Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

3232 тонна карантинге жатқызылған өнім Қырғыз Республикасына экспорттаушы елге кері қайтарылып отыр. Карантинге жатқылызған өнім фитосанитарлық сертификатсыз және маркировкасыз. 198 карантиндік зиянкес анықталып отыр. Оның ішінде алма дақылына, кепкен жемістерден «шығыстың жеміс жемірі», құрмадан «комсток сымыры», жүзімнен «арамсояудың тұқымдары» анықталып отыр.