Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Нұр Отанның» қатары жаңа мүшелермен толықты

AstanaTV
15.12.2017ж. 20:00
2445
«Нұр Отанның» қатары жаңа мүшелермен толықты

Алматыда «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің қатары толыға түсті. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 25 адам саяси ұйымның мүшелігіне қабылданды. Бүгін партия билеттеріне Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері мен оқытушылары ие болды.  Партияның қалалық филиалы жетекшісінің орынбасары Қайыммұнар Тәбеевтің айтуынша, «Нұр Отан» сапына қабылдану үлкен жауапкершілік жүктейді. Алдағы уақытта мүшелікке өткен әрбір адаммен насихат жұмыстары жүргізіледі. Себебі олар партияның жобаларын, бағыт-бағдарын білуге міндетті. Президенттің саясатын қолдайтын ұйымның әрбір жақтаушысы өз міндетіне адал болуы шарт дейді, партия өкілдері.

Қайыммұнар Тәбеев, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

Елбасы жүктеген барлық бағдарламаларды орындауда нұротандықтардың үлесі бар. Елдегі 1 млнға жуық партия мүшелерінің үлесін алсақ, Алматыдағы нұротандықтардың саны 85 мыңға жетіп қалды.