Спорт Қазақстан
$449.3 €489.69 ₽4.89
×

Оралда «Нұр Отан» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты

AstanaTV
15.12.2017ж. 20:00
2492
Оралда «Нұр Отан» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты

Бүгін сондай ақ "Нұр Отанның" Батыс Қазақстан филиалы да жаңа мүшелермен толықты. Бұл шара ел тәуелсіздігі мерекесіне орайластырылып отыр. Партия қатарына қабылданғандар арасында мемлекеттік қызметшілер, қоғам өміріне белсене атсалысып жүрген жастар мен телевизия саласының ардагері бар. Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен «Нұр Отанның» қатарынан табылу аса жауапты қадам екеніне тоқталды. Су жаңа мүшелерге партиялық билеттерін табыстады. Айта кетейік, Батыс Қазақстанда партияның 34 231 мүшесі бар. Өңірде 275 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді.

Зарина Ықсанова, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:

Елбасы бастаған «Нұр Отан» партиясына қабылдану - мен үшін үлкен қуанышты сәттердің бірі. Бұл партия еңбекқорлардың, өмірге деген қызығушылығы өте зор адамдардың партиясы екеніне осы уақытқа дейін сенімді болып келе жатырмыз. Әрмен қарай да сенімді болып өтеміз. Біз жастар Елбасыны қолдаймыз!