Жаңаөзендегі теміржол өткелінде болған жол апатында екі аяғынан айрылған 10 жасар қыздың беті бері қарады. Жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған науқаспен және оның ата-анасымен психологтар жұмыс істеуде. Дәрігерлер көмегінің арқасында ол қиын жағдайдан шықты. Жағдайы қалыпты ауыр,- дейді мамандар. Ақтауда тиісті емін алып болғасын оны Астанаға ауыстыру жоспарланып отыр. Яғни бала оңалту шараларынан өтеді. Тепловоз бен жолаушылар мінген Газель көлігінің соқтығысуы кезінде қыздың анасы да зардап шеккен. Қызының жағдайы туралы ол тек сауыққан соң ғана естіген.
Әлия Әшімова, МО балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
Санасы анық, бірақ әлі де сөздерді анық айта алмайды. Басқа адамды, ата-анасын таниды. Өзінің жақын апалары бар, ата-аналары бар қасында, балаға тамағын беріп қарап жатыр. Сонымен қатар дәрігер невропатолог қарап жатыр. Келесі баланың реабилитация, протезирование жұмыстары жасалатын болады.
10 жасар қыз баладан бөлек Ақтау мен Жаңаөзендегі ауруханаларда осы апаттан зардап шеккен тағы үш науқас жатыр.
Олардың
екеуі жақын күндері үйлеріне шығарылады. Ал Ақтауға санавиациямен жеткізілген
19 жастағы жігіт жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.