Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Үш адамды өлтірді деп айыпталған Әділет Камалиев өмір бойына бас бостандығынан айрылды

AstanaTV
15.12.2017ж. 20:00
2282
Үш адамды өлтірді деп айыпталған Әділет Камалиев өмір бойына бас бостандығынан айрылды

Оралда екі әйел мен бір сәбиді айуандықпен өлтірді деп айыпталған Әділет Камалиев өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Бүгін бұл іске қатысты сот үкімі шықты.

Бақыт Ермаханов, Орал қалалық сотының судьясы:

Камалиев Әділет Бексұлтанұлы ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлімі 3, 10, 13, 14-тармақтарымен кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айрылсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз, соның ішінде алғашқы бес жыл мерзімін толық қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалсын.

Камалиев енді түзету мекемесінде маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделеді. Сонымен қатар тергеу шығындарына кеткен 1 миллион 600 мың теңгені өтейді.

Еске салайық, 5-қыркүйекте Оралда өртенген үйдің ішінен үш адамның денесі табылды. Олардың екеуі - әйел, үшіншісі - кішкентай сәби. Көп ұзамай күдікті қолға түсті. Полиция дерегінше, Камалиев өзімен бас қосуға келіспеген келіншек пен оның ұлын және құрбысын пышақтап өлтірген. Соңынан қылмысын жасыру үшін үйді өртеп жібереді.