Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Астанадағы «Қазпошта» клиенттеріне құлтемір қызмет көрсетеді

AstanaTV
15.12.2017ж. 20:00
2766
Астанадағы «Қазпошта» клиенттеріне құлтемір қызмет көрсетеді

«Қазпоштаның» клиенттеріне кәдімгі құлтемір қызмет көрсетеді. Бүгін компанияның Астана бөлімшесінде сандық офистің тұсауы кесілді. Мұнда кеңесшілердің орнына виртуалды көмекшілер мен роботтар қызмет көрсетеді. Ал операторларды компьютерлер алмастырған. Олардың көмегімен ақпарат алып, пошта қызметін пайдалануға болады. Жаңа офистегі электронды касса инкассаторлар мен банк қызметін алмастырады. Құрылғы бір операция барысында 100 миллион теңге қабылдауға қауқарлы. Сонымен қатар электронды дүкен орнатылған. Арнайы компьютердің көмегімен киімді өлшеп көріп, сатып алуға болады. Пошта әкімшілігінің өкілдері жұмыстардың барынша жеңілдейтінін айтып отыр. Сонымен қатар қазақстандықтардың сандық технология төңірегіндегі білімін жетілдіруге ықпал етеді,-дейді.

Сәкен Сәрсенов, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы:

Кез келген бөлімде 20 адамдай жұмыс істейді, ал бұл жерде автоматтар бар, және 2 қызметші көмектеседі. Клиенттер автомат арқылы қызмет алады. Техниканың сапасы жағынан еш сұрақ болмайды, бәрі жұмыс істейді.