Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астана қаласы мамандандырылған балалар үйіне жылына орта есеппен 80-ге жуық сәби түседі

AstanaTV
15.12.2017ж. 20:00
4662
Астана қаласы мамандандырылған балалар үйіне жылына орта есеппен 80-ге жуық сәби түседі

Астана қаласының мамандандырылған балалар үйіне жылына орта есеппен 80-ге жуық сәби түседі. Бұл туралы Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған мерекелік жиында осы мекеменің бас дәрігері Сәуле Кенжебаева мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір балалар үйінде 4 жасқа дейінгі 60 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Арасында, уақытша тәрбиелеуге бергендер мен тастанды сәбилер де бар.

Аталмыш мерекелік шара кішкентай бөбектердің орындауында еліміздің әнұранымен басталды. Салтанатты жиын барысында балалар үйінің кішкентай тәрбиеленушісі Нұрәлінің тұсауы кесілді. Шараға балалар үйінің  демеушілері, меценаттар мен әкімдік өкілдері келіп, бүлдіршіндерді құттықтап, олардың өнерін тамашалады. 

Сәуле Кенжебаева, Астана қаласы мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері:

Бүгін бізде мереке. Үйімізді қолдап, демеп отыратын қайырымды жандармен қуанышты күнді бөлісіп отырмыз. Біздің мекемеге жылына шамамен алғанда 70-80-ге жуық сәби түседі. Осынау күнде, біздің балалар үйінде тәрбиелініп жатқан бүлдіршіндердің келешегі жарқын болса екен деймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.