Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. туған күні, мәуліт мерекесі аталып өтті

AstanaTV
15.12.2017ж. 20:00
4820
Астанада пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. туған күні, мәуліт мерекесі аталып өтті

Астанада қасиетті мәуліт мерекесі аталып өтті. Мұсылмандар үшін ерекше саналатын бұл мереке адамзаттың асыл тәжі, Мұхаммед пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, туған айына орайластырылған. Рухани кеште біршама маңызды мәселелер айтылды. Діни радикалдар мен экстремизммен күрес жайы қамтылды. Мерекеге жиналғандар лаңкестік дертімен күресте келер ұрпақ үшін ақиқатты айқын көрсететін осындай мерекенің маңызы терең десті. Кеште өнерпаздардың күшімен сахналанған қойылым көрсетілді. Мұхаммед пайғамбарға салауат айтылды. Жақында ғана бас мүфти болып сайланған Серікбай қажы Ораз барша мұсылман жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтады. 

Серікбай қажы Ораз, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти:

Біздің қазақ халқының мұсұлмандық қалыптасқан өз діни жолымыз бар. Біз дін қайраткерлерін осы жауапты кезеңде, осы тарихи кезеңде болашақтағы жүздеген жылдарда бұл далада діни алауыздықтарға, діни ағыммен тартыс-таласқа жол бермйтін жақсы ұстанған жолды қалыптастыру үшін бар күш-жігерімізді салатын боламыз. Мәуліт мерекесі құтты болсын!