Жамбыл
облысындағы «Отар» әскери базасында дәстүрлі «Армия ойындары-2017» әскерилер
сайысы жалауын көтерді. Биыл халықаралық жарысқа 18 мемлекеттен жауынгерлер мен
офицерлер келді.
Олар
тоғыз күн бойы Құрлық әскерлерінің соғыс жағдайындағы қаруды меңгеруі, ептілік,
шұғыл шешім қабылдау, мергендік сияқты қырларын көрсетуі керек. Биыл сондай-ақ
«Армия ойындары» барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарының жарысы өтеді. Оған
Ресей, Қазақстан және Иран ислам республикасының әскерилері қатысуға өтініш
білдірген. Бұл жарыстың мақсаты - жаяу әскердің жүру бағытын алдын ала барлау,
түнгі мезгілдегі қозғалысты қадағалап, алдын ала ақпараттар беруіне септігін
тигізеді, дейді әскери мамандар.
Болат Жұрабаев, ҚРҚК 36814 әскери бөлімінің командирі:
Біздің сайыс үш этаптан өтеді, бірінші этапта 4 жаттығу орындаймыз. Алысқа ұшу, уақытқа ұшқышсыз ұшақ аппаратын әуеге көтеру, түнде ұшу және әскери колоннаны шатқал үстінен бақылап, барлап жүру міндеті кіреді.
Қазақстандық команда былтыр «Армия ойындары» халықаралық сайысынан бас жүлдені жеңіп алған болатын. Отандық қарулы күштерден құрылған жасақ биыл да бас жүлдеден үмітті. Ал басты қарсыластар ретінде Ресей, Белоруссия командалары көзделген. Монғолия мемлекеті де 14 адамнан тұратын жаяу әскерлер жасаған биылғы сайысқа аттандырса, Африкадан арнайы келген әскери мамандар жауынгерлік даярлықтарын байқататын болады.
Фортун Брондансимба, Зимбабве командасының капитаны:
Ойынның
ұйымдастыру деңгейін ерекше бағалаймын. Біз биыл бұл жарыстарға екінші рет
қатысып отырмыз. Ауа райы өте қолайлы. Біздің елдегідей қатты ыстық емес.
Сондықтан жүлделі орындардың бірінен үмітенеміз. Біз де болашақта тәжірибе
алмасу үшін Қазақстанның әскерилерін өз елімізге шақырамыз.