Египетте ұсталған қазақстандық 6 студент елге депортацияланатын болды. Бұл хабарды Египеттің Ұлттық қауіпсіздік комитетнің өкілдері ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарлаған. Қазір студенттер бостандыққа шығығып, Каир әуежайына жеткізілген. 13 күн бойы хабарсыз кеткен студенттер не себепті қамауға алған? Туыстары не дейді? Тілшіміз Диана Сапарқызы аңықтап көрді.
Диана Сапарқызы, тілші:
Мысырда
ұсталған қазақстандық 6 студенттің босатылғаны туралы ақпарат түнде тарады.
Қуанышты хабарды Египеттегі Қазақстан консулы алдымен туыстарына хабарлаған.
Студенттер оның ұялы телефоны арқылы жақындарымен сөйлескен.
Ал
мына суретті жарияламаған ақпарат құралдары қалмады. Бұл 6 қазақстандықты
шығарып алуға атсалысқан Қазақстан консулы, студенттерді құшағына алған.
Ата-аналар балаларының дін амандығына осы сурет арқылы көзі жеткізді. Қанат
Беріктің анасы өзін қоярға жер таппай, түнімен көз ілмей шығыпты.
Төлеш Исабекова, Қанат Беріктің анасы:
Жағдайды ешбір адам баласының басына бермесін. Балаларымыз хабарға шықпай қойған кезде, ұйқыдан да, күлкіден де - бәрінен айрылдық. Не ойларымызды білмедік, баламыз қандай күнде не болып жатыр, не істеп жатыр, ең бастысы, денсаулығына алаңдадық.
Египет тарапынан қандай да бір ақпарат болмаған соң, Қазақстан наразылық нотасын жолдауға мәжбүр болды. Ал тақымдарын қысқан ата-ана мен туған-туыс олардан тағатсыздана хабар күтті. Тіпті бүгін Қазақстандағы Египет елшілігіне барып, олардың іздеушілері бар екенін айтпақ болды. Бірақ түнде жағымды хабар естіген соң, райларынан қайтқан. Ал олар не үшін ұсталды деген сұраққа әлі жауап жоқ. Айбол Исабек бауырының ешқандай теріс ағымның өкілі емес екенін мәлімдеді.
Айбол Исабек, Қанат Беріктің ағасы:
Он жыл намаз оқып, бір жұманың ішінде экстримистікке ұшырайды деуі олай емес. Және ол Қазақстан политикасын ұстанады, нейтралитет. Әрбір халыққа, елге ешбір ойын білдіртпейді. Барлық елмен жақсымыз, сол оймен ұшқан.
Ал
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі бүгін сұхбат бермеді. Тек
фейсбуктегі парақшасында жерлестеріміздің не үшін қамауға алынғаны туралы ақпаратты Мысыр тарапы
айтпай отыр деген. Туыстарының айтуынша, қазір олар Каир әуежайында. Бірақ
ұшаққа қай уақытта отыратынын белгісіз.