Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жасотандықтар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін жаңа жыл мерекесімен құттықтады

AstanaTV
20.12.2017ж. 20:00
2462
Жасотандықтар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Қариясын қадірлеген ел озар. Қызылжарда жасотандықтар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Соғыс жылдарында әскери госпитальда жұмыс істеген Любовь Кравченко жаралы сарбаздарды емдеген медбикелердің әрдайым аш жүргенін еске алады. Майданнан оралған соң  бар ғұмырын еңбекке арнаған қарияның жасы 90-нан асты. Жолдасынан айырылған соң әжейдің жағдайы қиындай түсіп, үйдің шаруасы түгел өзіне артылады. Бейнет көріп отырған осындай қарияларға "Жас Отан" жастар қанатының мүшелері қол ұшын созды. Еріктілер сыйлық тарту етумен бірге, есік алдын жинастырып, отынды жарып берді. Акцияның аясында өңірдің барлық қариялары көмекпен қамтылмақ.

Абылайхан Қайроллаев, "Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" ЖҚ СҚО филиалының төрағасы:

Біз қала бойынша бір ардагерге көмектесетін болсақ, біз осы 10 күннің ішінде 10 ардагерді қамтимыз. Және әрбір ауданнан 10 ардагерді қамтитын болсақ, біз 100-ге жуық ардагерге көмек көрсетіп, жаңа жылдың алдында осындай мәз-мереке сыйлайтын боламыз.