Спорт Қазақстан
$449.3 €489.69 ₽4.89
×

«Нұр Отан» партиясының БҚОФ кеңейтілген саяси кеңес отырысы өткізілді

AstanaTV
25.12.2017ж. 20:00
3868
«Нұр Отан» партиясының БҚОФ кеңейтілген саяси кеңес отырысы өткізілді

«Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы жылды қорытындылады. Саяси кеңестің кеңейтілген отырысына аудандардағы бөлімше өкілдері қатысып, партия жобаларының іске асырылу барысын баяндады. Олардың арасында «Ардагерлерді ардақтайық!», «Сәтті қадам», «Кедергісіз келешек» секілді бастамаларды ерекше айтуға болады. Осы жобалар шеңберінде көмекке мұқтаж аға буын өкілдеріне, өмірде өз жолын таппай жүрген жастарға үлкен көмек көрсетілді. Бұл істе бастауыш партия ұйымдары сүбелі үлес қосқан. «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық конкурсында оралдық бастауыш партия ұйымының жеңіске жетуі осыған дәлел.

Думан Ғазез, «Нұр Отан» партиясы БҚО Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Бастауыш партия ұйымдарының рөлі ерекше. Тасқала ауданында 13 бастауыш партия ұйымы бар. Ауданда жалпы 1 545 партия мүшесі бар. Осының 50 пайызы жоғары білімді. Партияның сапалық және сандық құрамын жақсарту мақсатында үздік жұмыс жүргізіп келе жатырмыз. Биыл аудан бойынша 215 адамды партия қатарына қабылдадық.