Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астанада алғаш рет Astana Winter Marathon өтті

AstanaTV
25.12.2017ж. 20:00
2070
Астанада алғаш рет Astana Winter Marathon өтті

Демалыс күндері Астанада жүгіру бойынша алғашқы қысқы марафон жалауын желбіретті. Ұйымдастырушылар ара қашықтықты үш топқа бөлген. Қатысушылар 10, 21 және 42 шақырымды еңсеруі тиіс болған. Әуесқой жүгірушілер Астанада әлі мұндай қашықтықты бағындырмағанын айта кеткен жөн. Жарысқа 300 адам келеді деген жоспар болған, алайда олардың саны 400 ге жеттіҚатысушылардың басым бөлігі ер адамдар. Сондай-ақ 90-ға жуығын әйелдер құрайды. Ең жас қатысушы - 9 жасар бала. «Қазақстан даму банкінің» басқарма төрағасы Болат Жәмішев, Бас прокуратура құқықтық статистика комитетінің төрағасы Бағдат Мусин де осы марафоншылар қатарынан табылды.

Серік Секербаев, ASTANA WINTER MARATHON қатысушысы:

Мен Қазақстанда алғаш ұйымдастырылған қысқы марафонға Павлодар облысына қарасты Ертіс селосынан келдім. Біздің өзіміздің ұранымыз бар. «Жүгірсең егер жан салып, жақсы болады денсаулық" деген ұранмен келіп отырмыз.