Жемқорлық әрекеттерден келген
шығынның жартысы мемлекет бюджетіне қайтарылды. Бұл жөнінде бүгін Мемлекеттік
қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық
бюроның департамент басшысы мәлімдеді. Есқали Саламатовтың айтуынша,
коррупциялық қылмыстардан елімізге бас-аяғы 4 миллиард теңгеге жуық шығын
келген. Десе де, ведомство өкілдері Қазақстандағы жемқорлық деңгейінің
төмендегенін айтады. Биыл еліміз дүниежүзі рейтингінде 126-шы орыннан 3 сатыға
көтерілген.
Есқали Саламатов, ҚР МҚІМ
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюроның департамент басшысы:
Жыл басынан 1097 қылмыстық заң
бұзушылық тіркелген. Оның 87 пайызы - сыбайлас жемқорлық әрекеттері. Бірінші
орында - пара алу, одан кейін қызмет бабын асыру пайдалану , ал үшінші орында
жалған құжат жасау қылмыстары тұр. «Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен бюджетке
келген шығын 3,6 млрд. теңгені құрайды. Оның шамамен 2 млрд. теңгесі мемлекетке
қайтарылды.