Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Оралда сот отырысы тұңғыш рет онлайн тәртіпте өтті

AstanaTV
22.04.2016ж. 20:00
1446
Оралда сот отырысы тұңғыш рет онлайн тәртіпте өтті

Оралда сот отырыстары енді онлайн режимде өткізіледі. Бүгін өңірде осы тәртіппен алғашқы сот отырысы өтті. Сотталушы процеске түзету мекемесіндегі арнайы бөлмеде отырып қатысты. Түзету мекемесінің тәртібін бұзғаны үшін айыпталған бұл азамат айыбын мойындап, түзелетінін жеткізді. Дегенмен, сот оны әкімшілік бақылауда ұстау туралы шешім қабылдады.

Дауласушы тараптар алыста жүрген болса, онлайн режимдегі сотқа келуі міндетті емес. Олар ғаламтор арқылы қосылып, сотқа қатыса алады. Бұл бастама басқа қалалардан жазасын өтеушілерді сотқа жеткізу шығындарын азайтпақ. Ендігі мақсат - соттарды аудио және бейнежазбамен қамтамасыз ету.

Ілияс Испанов, ҚР Жоғары соты департаментінің жетекшісі:

Болашақта мұны республика бойынша ары қарай дамытсақ, азаматтарды шақырту жеңілдейді. Мысалы, мемлекеттік қызметкерді сотқа шақырту үшін іссапар шығындары кетеді ғой. Ең бастысы бұл деректер тіркеледі, сақталады, істің ақырғы сақтау мерзіміне дейін осы жазба сақталады.

Еркін КАРИН