Астанада
27 тамыз күні еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Шанхай
ынтымақтастық ұйымы және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары
жөніндегі кеңестің халықаралық марафоны өтеді.
Іс-шара ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұйымдастырылып отыр. Оған 4 мыңға жуық
қазақстандық және 1 мыңнан астам шетелдік қатысады деген болжам бар. Марафон 3
бірдей жүгіру аймағынан тұрады. Алғашқысы 2017 метрді құраса, әуесқойлар үшін
10 шақырым, бұған қатысу үшін 3 мың теңге жарна төлеу қажет. Және толық марафон
жолының ұзындығы 42 шақырымды құрады, ал, жарна 5 мың теңге. Бүгінде қала
әкімдігінің қолдауымен маршрут жолы мен өзге де қажетті медициналық көмектер
жасақталып жатқан көрінеді. Жалпы ШЫҰ-ның алғашқы марафоны былтыр Қытайдың
Куньмин қаласында өткен, оған 15 мың адам қатысыпты. Тіркеу жұмыстары арнайы
сайтта 15-ші шілдеден бастап жүргізіліп келеді.
Серік Жарасбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт комитеті төрағасының орынбасары:
Жалпы жүлде қоры 60 мың доллар. Теңгемен 20 млннан астам. 1-ші орынға, егер ол 42 шақырымды тиісті уақытта келсе, 13 мың доллар беріледі. Егер ол уақытта келмесе, 13 мың доллардың жартысы беріледі. Міндетті түрде беріледі ол ақша.