Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Касаткинді қамауда ұстау мерзімі 15 қаңтарға дейін ұзартылды

AstanaTV
04.01.2018ж. 20:00
1863
Касаткинді қамауда ұстау мерзімі 15 қаңтарға дейін ұзартылды

«СК-Фармация» компаниясының экс-басшысы Максим Касаткинді қамауда ұстау мерзімі 15 қаңтарға дейін ұзартылды. Бұл туралы Астана сотының  баспасөз қызметі хабарлады. Касаткин төрт айдан бері қамауда отыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес, оның мерзімін 18 айға дейін созуға болады.  Мұндай ұзартулар әдетте аса ауыр қылмыс жасағандарға қолданылады.

Еске салайық, «СК-Фармацияның» бұрынғы басшысы өткен жылы қыркүйекте ұсталды. Алайда оған тағылған айып туралы нақты мәлімет  жоқ. Белгілісі, тергеу 2015 жылы өткізілген дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуларға қатысты жүргізіліп жатыр.