Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мәжіліс депутаттары Тобыл өңіріндегі ірі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті

AstanaTV
05.01.2018ж. 20:00
2125
Мәжіліс депутаттары Тобыл өңіріндегі ірі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті

Қостанайдағы «СарыарқаАвтопром» серіктестігіне барған депутаттар көлік құрастыру зауытының ахуалымен танысты. Биыл мыңға жуық жеңіл көлікті Тәжікстанға экспорттау көзделіп отыр. Өткен жылы зауытта 6 мыңға жуық көлік құрастырылды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 3 есе артық. Биылғы меже - көлік санын 9 мыңға жеткізу. Электр қуатымен жүретін JAC маркалы 500 көлік шығару да жоспарда бар. Мәжілісмендер кәсіпорынның  жұмыс қарқынына жоғары баға берді. Ал Қостанай ауданына қарасты Заречный кентіне ат басын бұрған депутаттар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан баспаналарды көрді. Жоспар бойынша 2017-2018 жылдары 3 көп қабатты баспана салынуы тиіс болса, екі үйдің құрылысы толық аяқталған. 279 жеке үйдің елу алтысы ел игілігне  берілген.