Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылорда облысы Сырдария ауданында дәрігер тапшылығы мәселесі шешімін тапты

AstanaTV
05.01.2018ж. 20:00
3530
Қызылорда облысы Сырдария ауданында дәрігер тапшылығы мәселесі шешімін тапты

Қызылорда облысындағы Сырдария ауданында дәрігер тапшылығы мәселесі толықтай шешімін тапты. Саланы тәжірибелі мамандармен қамту көрсеткіші облыс бойынша 95 пайызды құрайды. Десе де дублерлар дайындау қолға алынып отыр.

Аймаққа жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттарына бұл туралы ауданның бас дәрігері мәлімдеді. Ауысымына 250 адамды қабылдайтын аудандық емхана тұрғындарға зертханалық, функционалды-диагностикалық қызмет түрлерін көрсетеді. 37 мыңдай тұрғын бұл емханадан басқа, орталық аурухана мен 9 дәрігерлік амбулаторияға қаралады.

Қуаныш Сұлтанов,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі: 

Кардиологиялық орталықтар қазір барлық облыс орталықтарында операциялар жасалып жатыр. Бір кезде әлдеқалай жүрек талма ауруына ұшараған адамдардың жағдайы өте беймәлім болатын. Қәзір үміт үлкен. Және соны жасап жатқан өзіміздің мамандар.