Негізгі / Жаңалықтар / Ирандағы ахуал Орталық Азия елдеріне бәлендей әсер етпейді - Е.Карин

Ирандағы ахуал Орталық Азия елдеріне бәлендей әсер етпейді - Е.Карин

Ирандағы ахуал Орталық Азия елдеріне бәлендей әсер етпейді. Саясаттанушы Ерлан Карин осылай дейді. Айтуынша, Иранның ықпалы Таяу Шығыста басымырақ, оған қоса, Ислам мемлекеті Қазақстанмен тығыз экономикалық байланыс орнатып үлгерген жоқ. Дегенмен, нақты бағытты көрмей қаншалықты және қай бағытта өзгерістер алып келетінін айту әлі ерте.

Ерлан Карин, Қазақстанның халықаралық қатынастар кеңесінің төрағасы:

Иран дейсіз, біздер мына Қырғызстанның өзін 3-4 ай талқыладық та, қойдық. Ертең Қырғызстанда тағы тосын жағдай болып жатса, біздің сарапшылар қазірдің өзі біле бермейді, ішкі саяси күштердің ара қатынатары қандай, кімнің қандай бағытта, кімнің қандай жоспары, көзқарасы барын.

Халықаралық қатынастар кеңесі биыл Орталық Азияда болатын 10 маңызды оқиғаны сараптаған. Олар: Орта Азия елдерінің экономикасының позитивті серпінге шығуы, осы елдердің ынтымақтастығының жандануы, Орталық Азия мен Ресейдегі сайлау, лаңкестік қатердің "сары деңгейі", аймақтағы Ауған факторының күшеюі. Сондай-ақ Орталық Азияның цифрлану бағытына бет бұруы, демографиялық өсім, Қытайда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті де бар. Маңызды оқиғалар қатарында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуі және Орталық Азиядағы су мәселесінің өзектілігі де еніп отыр.