Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Депутаттар Ақтөбедегі газбен жабдықтаушы мекеменің жұмысымен танысты

AstanaTV
08.01.2018ж. 20:00
2317
Депутаттар Ақтөбедегі газбен жабдықтаушы мекеменің жұмысымен танысты

Мәжіліс депутаттары Ақтөбедегі «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы филиалының жұмысымен танысты. Қазір облыстағы 102 елді мекен көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Яғни халықтың 90 пайызға жуығы газбен қамтылған. Алдағы екі жыл ішінде 21 ірі жоба іске асырылуы тиіс. Нәтижесінде, өңірдегі ауылдар толықтай газдандырылады. Дегенмен халықты толғандырып отырған мәселелер де бар. Оның бірі жыл басталмай жатып көгілдір отын құнының 8 пайызға өсуі. Мәжіліс депутаттары «оның себебін анықтап, монополияға қарсы комитет өкілдерімен бірге қандай да бір шешімге келеміз» дейді.

Глеб Щегельский,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Жуырда ғана Қазақстанның бірнеше өңірінде газдың тарифі қымбаттады. Оның қандай жағдайға негізделгенін білетін боламыз. Себебі облыс депутаттары тарапынан тауарлы газдың тарифі жиі көтерілетіні жөнінде шағым бар. Жұмысқа оралған соң, монополияға қарсы ведомство өкілдерін шақырып, мәселені анықтаймыз.