$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Керекуде 10 қабатты үйдің төбесінен секірген қыз бен жігіт аман қалды

AstanaTV
12.02.2016ж. 20:00
1927
Керекуде 10 қабатты үйдің төбесінен секірген қыз бен жігіт аман қалды

Керекуде 10 қабатты үйдің төбесінен секірген қыз бен жігіт аман қалды. Оқыс оқиға бүгін күндізгі сағат 12-лер шамасында болды. Жаяу Мұса-1 мекен жайында орналасқан көп қабатты үйдің шатырынан екі адам бір мезетте секіріп кеткен. Абырой болғанда, екеуі де бірінші қабатта орналасқан дүкеннің төбесіне құлаған. Оларды жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, біреуі 19-да, екіншісі 26 жаста. Науқастар қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Ермек Күшіков, Павлодар қалалық №1 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Науқастар травматикалық шок жағдайында жеткізілді. Қабырғалары сынған, жамбастары зақымданып, миы шайқалған. Ал қыз баланың омыртқасы мертіккен.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл бап «Өз өзіне қол жұмсауға жеткізу» дерегін қарастырады.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ