Орталық
сайлау комиссиясы «Бірлік» партиясының тізімін тіркеп, оның сегіз мүшесіне
Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер куәлігін берді. Осылайша алдағы
парламенттік сайлауға қатысуға ниет білдірген алты партияның тізімі түгел
тіркелді. Олар - «Нұр Отан», «Ақ жол», «Ауыл, «Қазақстан комунистері халықтық
партиясы», «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» және «Бірлік» партиялары.
Төлеген
Қуанышев «Бірлік» партиясы төрағасының орынбасары:
Біз
өз құрамымызбен, елдің алдындағы күрделі мәселелерді шешу үшін, үлкен
жұмыстарды заңнамалық жолдармен атқармақ
ниетіміз бар.
Сонымен
қатар Орталық комиссияның отырысында сайлау барысын бақылайтын халықаралық байқаушыларды акредиттеу туралы
қаулы қабылданды. Еске салайық, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 20 наурызда
өтеді. Ал 21 наурызда Қазақстан халқы ассамблеясы өз арасынан Парламенттің
төменгі палатасына депутаттар сайлайды.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ