Астана-Челябі бағытында жаңа әуе рейстер ашылуы мүмкін. Әсет Исекешовтің Челябі облысының губернаторымен кездесуінде осындай келісімдер жасаған. Қала әкімі Астана ресейлік аймақтармен сауда, туризм, тіпті барлық бағытта әріптестікті орнатуға ниетті екенін айтты. Челябі Қазақстанға азық-түлік импорттауға дайын. Екі тарап машинақұрылысы саласында да ынтымақтастық орнатпақ. Әкім мен губернатор Қазақстан мен Ресейдің ірі аймақтарында ақылды қала жүйесін енгізу мәселелерін де саралады. Екі жақты келіссөздің ең маңызды сұрақтарының бірі - аймақтар арасындағы логистикалық мүмкіндікті ұлғайту. Ол - Астана-Челябинск әуе рейсін ашу және «Екатеринбург-Челябі» жылдам магистраль құрылысын мүмкіндігінше Астана арқылы да жүргізу. Бұл келісімдерді сапалы іске асыру үшін екі тарап бірлескен жұмыс тобын құруға уағдаласты.
Борис Дубровский, РФ Челябинск облысының губернаторы:
Біз Астана мен Челябинск
арасында міндетті түрде жаңа рейс ашамыз деп болжадық. Әзірге аптасына 2-3 рейс
болады деп отырмыз. Бұл бизнестің, туристік қарым-қатынастың артуына жаңа
серпін беретініне сенімдімін. Біздің қазақстандық достарға ұсынарымыз көп.
Сіздердің де Челябинск тұрғындарына көрсетер дүниелеріңіз көп. Бірақ ЭКСПО
жұмысымен бізге мұнда келу өте қызық болады.